Ақтөбеде 42 оқушыға сынамасыз БЦЖ салғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сурет: primemininster.kz
Ақтөбе қаласындағы №74 мектептің бірінші сынып оқушыларына ревакцинация жасағаннан кейін екпе салған жер қызарып, іріңдеп кеткен. Кейін балаларға сынама жүргізілмей, бірден БЦЖ салынғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір Қылмыстық кодекстің 317 бабы, яғни медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп мәлімдеді "Хабар24".

Қаладағы №74 орта мектептің бірінші сынып оқушыларына ревакцинация жасағаннан кейін екпе салған жер қызарып, іріңдеп кеткен. Кейін белгілі болғандай, балаларға мантудың орнына бірден БЦЖ салынған. Әрі медицина қызметкерлері екпені әдеттегідей иыққа емес, білекке салған.

Ақтөбе қаласы Алматы ауданы прокурорының орынбасары Қанат Қазмұханбетовтің айтуынша, қазір бұл деректі уәкілетті органдар тексеріп жатыр.

Ол мектеп 2020 жылдан бастап "Медикус центр" орталығымен медициналық кабинетті қайтарымсыз жалға алуға келісім-шартқа отырып, медициналық қызметті жүргізген. Бұл қылмыстық істі Ақтөбе облысының прокуроры Дәуешов жеке бақылауына алды.Қанат Қазмұханбетов
Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады