Орал қаласының тұрғынынан жануарларда болатын құрт - дирофиляриоз анықталды

Сурет: Facebook/БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Биыл Батыс Қазақстан облысында дирофиляриоз фактісі бірінші рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дирофиляриоз - бұрын тек жануарларда кездесетін гельминтоздардың бірі. Соңғы уақытқа дейін бұл ауруға тек жануарлар, әсіресе иттер ғана сезімтал деген пікір болған. Бірақ соңғы жылдары бұл ауруды адамдардың да жұқтыру жағдайлары жиі тіркеле бастады. Адамдарға инфекция қан арқылы жұғады.

Ауру көбінесе масалардың, сирек бүргелердің, қан соратын жәндіктердің басқа түрлерінің шағуы арқылы беріледі. Жұқтыру көзі - үй жануарлары. Ең алдымен иттер, кейде мысықтар. Жануарлардың денесіндегі паразиттер микроскопиялық, ұзындығы 0,3 мм-ге дейінгі, мыңдаған личинка- микрофилярияларды шығарады. Олардың кішкентай болғаны соншалық, қан ағымы мен лимфа ағымы арқылы бүкіл денеге таралады. Осылайша дирофиляриоз жануардан жануарға және адамға беріледі. Инкубациялық кезең 1 айдан бірнеше жылға дейін созылады, ол иммундық жүйеге және паразиттің даму жылдамдығына байланысты. БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің баспасөз қызметі

Дирофиляриозды барлық жастағы адамдар жұқтыруы мүмкін, дегенмен, жұқтыру қаупі төмендегі адамдарда жоғары:

Мамандар "күдікті" шағу, қатты қышу, шағуға тән емес ауырсыну сезімдері, түйін пайда болса, дереу дәрігерге қаралуға кеңес береді.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды