АҚШ гуманитарлық көмек ретінде Қазақстанға COVID-19-ға қарсы вакцина береді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының үіметі мен АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министірлігі арасындағы гуманитарлық көмек көрсету туралы келісімге қол қою туралы қаулы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, құжатта Pfizer-BioNTech шығарған COVID-19 вакцинасы АҚШ-та 5-11 жастағы балалар арасында төтенше жағдайда қолдануға рұқсат етілген және бүгінгі күнге дейін АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) бекітпеген немесе лицензияланбаған вакцинасын беруді көздейді.

Қазақстан оны пайдалану жауапкершілігін мойнына алады және материалдардың Республикаға уақтылы жетуін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдайды.

Материалдар Қазақстан Республикасына импортталады және салықтарды, алымдар мен комиссияларды төлеу бойынша қандай да бір міндеттемелерсіз халықты вакцинациялау үшін қолданылады.

Осы келісімге Қазақстан Республикасы үкіметінің атынан қол қою Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа жүктелді.

Құжат 21 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті