Еуропада қатерлі ісік індеті таралуы мүмкін

Сурет: pixabay
Белфастағы Queen's University профессоры Марк Лоулер зерттеу жүргізіп, еуропалық денсаулық сақтау жүйесінің коронавирус пандемиясына көбірек ден қоюы Еуропада қатерлі ісік індетінің таралу қаупін тудырады деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Guardian басылымының Lancet Oncology комиссиясының зерттеуіне сілтеме жасай отырып жазуынша, алдағы 10 жылда қатерлі ісікке шалдыққандар саны артуы мүмкін.

"Егер денсаулық сақтау жүйесі мен онкологиялық зерттеулерге шұғыл басымдық берілмесе, Еуропада алдағы 10 жылда қатерлі ісік індеті өршиді деген қауіп бар", – деді зерттеу жетекшісі Марк Лоулер.

Сарапшылардың пікірінше, денсаулық сақтау жүйесін шұғыл өзгертілуі мен локдаунның енгізілуі онкологиялық науқастарды тексеру мен емдеуге кері әсерін тигізді.

Зерттеуге сәйкес, Еуропадағы COVID-19 пандемиясы кезінде қатерлі ісігі бар 1 миллионға жуық адам назардан тыс қалды.

Бұған қоса, қазір бұрынғыға қарағанда науқастағы сырқат қатерлі ісіктің соңғы кезеңінде анықталып жатыр. Мұның бәрі науқастың өміріне кері әсерін тигізеді, дейді мамандар.

Баяндамада пандемияның бірінші жылында Еуропадағы дәрігерлер қатерлі ісігі бар науқастарды бұрынғыға қарағанда 1,5 миллионға аз қабылдағаны, әрбір екінші науқас емін уақытылы алмағаны да жазылған.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды