Ресейде шошқа тұмауы өршіді

Сурет: pixabay
Ресейде шошқа тұмауы өршіді. "Әсіресе балалардың инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары",- дейді мамандар.

Бірқатар өңірде мектептер мен ауруханаларда карантин енгізілді. Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында медициналық, қоғамдық мекемелерде маска тағу міндетті, деп жазады qazaqstan.tv.

H1N1 вирусы немесе шошқа тұмауы деп аталатын инфекция өте қауіпті, тіпті аурудан қайтыс болған балалар бар. Әсіресе 5 жасқа дейінгілер жиі жұқтырады екен. Мамандар ауру қазір шарықтау шегіне жеткенін айтады.

Бірнеше рет тұмау жұқтырдым. Соңғы уақытта аурудың жасырын түрі жиі кездеседі. Өйткені антиденелерге тест тапсырып, ағзамда індетке қарсы иммунитет қалыптасқанын анықтадым. Дегенмен шошқа тұмауы өте қауіпті. Өйткені өкпенің асқынуына алып келеді. Игорь Васильев, қала тұрғыны

Жаңа жылдық мерекелерден соң инфекция күшейіп, науқастардың саны артуы мүмкін. Елде 1 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізілуде. Эпидемия ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде ғана аяқталады дейді дәрігерлер.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі