Орталық клиникалық ауруханада науқастың қатерлі ісігін алып тастайтын ота жасалды

Сурет: Орталық қалалық клиникалық аурухана
Алғаш рет Орталық қалалық клиникалық аурухананың хирургтары қатерлі ісікке операция жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 73 жасар пациент асқазанынан қан кетумен ауыр күйде түскен. Барлық қажетті тексерістен кейін "ұйқы безінде өскін туындаумен асқазанның қатерлі ісігі" диагнозы қойылды. Өскін үлкен мөлшерлі - 6 сантиметр.

PhD докторы Жасұлан Баймахановпен Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында пациентке қатерлі ісікті алып тастаумен қиын операция өткізілді. Операция барысында дәрігер асқазанын, ұйқы безінің денесін және қалдықтарын, қоршаған жасушалары және лимфотүйіндерімен көкбауырды алып тастады.
"Қатерлі ісік асқазанның эпителийіне зақым келтіріп, содан асқазан және көршілес ағзалардың тіндеріне өскіне бастаған. Көбінесе, ұйқы безінің тіндеріне әсерін берген. Содан, ұйқы безінің дисталды резекциясын жүргізу арқылы кеңейтілген гастроэктомия жасалып, Цацаниди модификациясындағы Ру ілмегіндегі эзофаго-еюноанастомоз салған. Бұдан әрі, біз тамақты қорыту қызметін жасағанға өңеш пен аш ішекті біріктірдік", - деді Баймаханов.
Хирургтың айтуынша, осы ауруханада мұндай операция жасалмаған. Дәрігерлерден операция сәтті өту үшін 4 сағаттай уақыты мен мұқият байқап жасау ғана талап етілді. 10 күннен соң пациент амбулаторлық емделу үшін ауруханадан шығарылды. Оған енді химиотерапия курсын өту керек. 
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды