Алматыда жаңа туған нәрестенің бауырындағы жарты келі ісік алынды

Сурет: видео скрині
Алматыда жаңа туған нәрестеге ота жасалды, оның бауырындағы жарты келі ісік алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv хабарына қарағанда, гемангиоманы алу үшін жасалған күрделі ота 4 сағаттан аса уақытқа созылған. Дәрігерлердің сөзінше, 44 сантиметрге дейін өскен іш балаланың демалуына қиындық тудырған.

"3 ақпан күні туғанына 3 күн болған нәресте түсті. Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Нәрестеге перзентханада "оң жақ бауырдың туабітті түзілісі" диагнозы қойылған". Педиатрия және балалар хирургиясы орталығының неонаталды хирургі Қанат Әшірбай

Нәресте 12 күндік бақылаудан соң үйге шығарылған. Қазір баланың денсаулығы жақсы, қауіп жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты