Шымкенттегі жоғары оқу орнында күйеуі әйелін пышақтап өлтірді

Сурет: zakon.kz
Қайғылы жағдай 11 мамыр күні болған.

Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кісі өлтіру қылмысы орын алды. Оқу орнында лаборант болып жұмыс істейтін келіншекті күйеуі пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы жағдай 11 мамыр күні болған. Жұмыс орнына әйелін іздеп келген күйеуі жанжал шығарып, ақырында оған 5 рет пышақ сұғып алған. Бір соққы дәл жүрегіне тиген. Жарақат алған әйелді жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенімен, оны құтқару мүмкін болмаған. Қазір бұл қылмысты ашумен полицейлер айналысып жатыр. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған жайт бойынша Шымкент қалалық ішкі істер басқармасына қарасты әл-Фараби полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Күдікті қамауда» делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды