Полицейлер жолда қиын жағдайға тап болған Дағыстан азаматтарына көмектесті

Полиция, Ақтөбе, жол, Дағыстан, азаматтар, көмектесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2026 16:41 Сурет: pexels
Ақтөбе — Атырау — Астрахань тас жолының 523-шақырымында қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Аманбек Бақтығалиев пен Құлтай Тынышбай жолдан шығып, тұрып қалған Mercedes-Benz Sprinter автокөлігін байқайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік ішінде Дағыстан Республикасынан келе жатқан азаматтар болған.

Полицейлер жағдайға бейжай қарамай, көмек көрсету мақсатында осы бағытта өтіп бара жатқан жүк көліктерінің бірін тоқтатып, істен шыққан автокөлікті Атырау қаласына дейін жеткізуге жәрдемдесті.

Осындай сәттерде полиция қызметкерлерінің дер кезінде көрсеткен көмегі жолда қалған азаматтар үшін үлкен қолдау болары сөзсіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: