Атырауда полицейлер жолда қалған шетелдік туристерге көмектесті

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 15:28 Фото: Zakon.kz
Доссор – Құлсары – Бейнеу республикалық тасжолының 103 – шақырымында қызмет атқару барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Мейірбек Маженов пен Құмар Ескендірұлы жол жиегінде тоқтап тұрған шетелдік автокөлікті байқап, жүргізушілерге көмек көрсетті.

Италия елінен келген екі турист жолдағы шұңқырға түсіп, автокөліктің дөңгелегі зақымдануына байланысты жолда қалып қойған.

Полицейлер дөңгелекті Құлсары қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталығына жеткізіп, жөндеткеннен кейін автокөлікке қайта орнатуға көмектесті. Нәтижесінде шетелдік азаматтар сапарларын қауіпсіз жалғастырды.

Италиялық туристер полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен көрсеткен көмегі үшін ризашылықтарын білдірді.

Бұл оқиға жол сақшыларының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, жол үстінде көмекке мұқтаж азаматтарға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: