Ақтөбеде лифтіде ер адам қызды буындырды

Сурет: zakon.kz
Қылмыскер бір апта өткен соң ұсталды.

Ол қыздың артынан шабуыл жасап, қылғындыра бастаған. Содан соң сөмкесін алып, қашып кеткен, деп хабарлайды Вaq.kz.

Қылмыс Әбілқайыр хан даңғылы №64 үйде болған. Ер адам 9-қабаттың баспалдағында тұрған. Кейін одан төменгі қабаттан қыздың лифтіге кіргенін көріп, артынан бірге кіреді. Лифт төмен түсе бастағанда қызды мойнынан ұстап алып, буындыра бастаған. Ұрамын деп қорқытады. Содан соң қыздың сөмкесін тартып алады. Ішінде ақшасы мен телефоны болған. Қылмыскер бір апта өткен соң ұсталды.

Қазір 38 жастағы қылмыскер Виталий П. Ақтөбеде сотталып жатыр. Бұдан басқа оның қылмыстың ісінде ұрлық және алаяқтық бабы бойынша 2 оқиға тіркелген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін