Шымкентте Қытай азаматы жерлесін пышақтап өлтірді

Сурет: zakon.kz
Қайғылы жағдай жатақхананың асхана ғимаратында болған.

11 мамырда Шымкенттегі кәсіпорындардың бірінің аумағында Қытай азаматы көз жұмды, деп хабарлайды Baq.kz.

Басылымның хабарлауынша, қайғылы жағдай жатақхананың асхана ғимаратында болған. Қытайдың екі азаматы арасында жанжал туындап, 29 жастағы ер адам 1984 жылы туған азаматтың кеуде тұсын ас үй пышағымен бірнеше мәрте жарақаттаған.

Тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін қайғылы жағдайдың болуына не себеп болғаны анықталады. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды