Өскеменде 66 жастағы егде әйелді пойыз қағып кетті

Сурет: zakon.kz
Үйінен шыққан ол белгісіз бағытқа кетіп қайта оралмаған.

66 жастағы әйелді туыстары іздестіріп жатқан болатын. Үйінен шыққан ол белгісіз бағытқа кетіп қайта оралмаған, телефонынан да хабар болмаған. Бүгін таңертең оның денесі Согра теміржол өткелінің маңынан табылды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Қаза тапқан әйелдің келінінің айтуынша, ол соңғы жылдары жүйке ауруына шалдығып, диспансерде есепте тұрған көрінеді.

- Жалғыз өзі тұрып жатты, күйеуіміз екеуіміз жағдайын біліп барып тұратынбыз. Алайда кеше ұлы барған кезде ол үйде болмай шықты. Полицияға хабар бердік, олар кешке дейін іздеп таба алмаған соң таңертеңнен бастап телефоны арқылы жүрген жерін анықтай алатындарын айтқан, - дейді марқұмның келіні.

Таңертең 66 жастағы әйелдің денесі темір жол бойынан табылған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жоғалған әйелді пойыз қағып кеткен. Оғиғаның себеп-салдары әзірге белгісіз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды