Семейде мумияға айналған ер адамның мәйіті табылды

altaynews.kz
Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

72 кв аумағында өліп жатқан белгісіз азаматтың денесі табылды деген ақпараттар барлық әлеуметтік желілерде таралып жатыр, деп жазады altaynews.kz.

Нақтырақ айтқанда, таңертең ерте Гете көшесіндегі жылу магистралін ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатқан болатын. Алайда, қазба жұмыстары бірден тоқтатылған, себебі экскаватордың қалағы астынан құрылысшылар ер адамның мәйітін байқап қалып, дереу тиісті орындарға хабарласқан.

Оқиға орнына келген мамандар мәйіттің ол жерде ұзақ жатқанын, сол себепті денесі шіріп, мумияға айнала бастағанын анықтаған.

Осы жағдайға байланысты сол маңдағы тұрғындардың айтуынша , қыс түсе салысымен жылу құбырларына тұрғылықты мекенжайлары жоқ адамдар жиналып, жылынады екен. Соған қарағанда марқұм үй-күйі жоқ азамат болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда.

Ал Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспановтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда сот медициналық сараптамалар тағайындалып, барлық мән-жайды анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді