Астанада жас жігіт бесінші қабаттан құлап қаза тапты

Sputniknews.kz
Бастапқы деректер бойынша, ер адамның жасы 25-те; оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

"Ақбұлақ таун" тұрғын үй кешенінде бесінші қабаттан жас жігіт құлап қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиғаға ересектер ғана емес, балалар да куә болған.

"Жас жігіт, шамамен 25-те, терезеден құлап кетті. Аулада үй тұрғындары болған, біреулер балаларымен серуендеп жүрсе, біреулер орындықта отырды. Кенет бірнәрсенің құлаған дыбысын естідік. Қарасақ, адам құлап кетіпті. Бірден "жедел жәрдем" мен полиция келіп, бізден жауап алды. Қаза тапқан жігіттің құжаты бар екен", — деп хабарлайды көпқабатты үй тұрғындарының бірі.

Sputnik агенттігіне сұхбат беруші айтқандай, ер адам бұл үйде тұрмайды, біреуге қонаққа келіпті.

Астананың ішкі істер департаменті оқиғаны растады, мән-жай анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді