Түркістан облысында жол апатынан 3 адам ажал құшып, 10-нан астамы жарақаттанды

ҚазАқпарат
«Мazda» жеңіл көлігі «Sang Yong Istana» микроавтобусын артқы жағынан келіп соққан.

Түркістан облысында ірі жол көлік апатынан үш адам ажал құшып, 10-нан астамы зардап шекті. Оқиға Қазығұрт ауданындағы Рабат ауылының маңында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, «Мazda» жеңіл көлігі «Sang Yong Istana» микроавтобусын артқы жағынан келіп соққан. Қатты соққыдан жолаушылар мінген көлік бірнеше рет аударылып түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, шағын автобуста 10-нан аса, жеңіл машинада 4 адам болған.

«Мazda»-ның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан. Тағы бір әйел жедел жәрдем көлігі ішінде жан тәсілім етсе, үшінші әйел ауруханаға жеткен кезде көз жұмған.

Өзге ауыр және жеңіл жарақат алғандар Шымкент қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

«Үш науқас аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Тағы екі жолаушы травматология бөлімшесінде ем қабылдауда. Төрт адамның жарақаттары жеңіл болуына байланысты алғашқы медициналық көмектен кейін үйлеріне қайтарылды», - деді Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы Алмас Байбеков.

Қазір қаза болғандардың тұлғалары мен жол апатының себеп-салдары анықталып жатыр. Түркістан облыстық ІІД оқиғаның мән-жайы бойынша толық ақпарат беруге уәде етті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті