Баукеспе ұры көлікті тонау үстінде ұсталды – Алматы ІІД

Baq.kz
Қазір ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыс түнгі сағат үштер шамасында Алматының Түркісіб ауданындағы «Жұлдыз» шағын ауданында орын алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«36 жастағы И. есімді азамат бұған дейін өзгенің мүлкін қолды қылғаны үшін бірнеше рет сотталған. Ол осы шағын ауданның көпқабатты үйлерінің бірінің алдында тұрған «Фольксваген» маркалы автокөлігінің сол жақ терезесін сындырып, ішіндегі бейнетіркеуішті ұрлаған. Дегенімен ол ұрлық үстінде ұсталды. Қазір ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұған дейінгі қылмыс жасағанын есепке ала отырып, оның өзге де қылмысқа қатысының бар-жоқтығы тексеріледі», - дейді полиция полковнигі Нұрлан Ысқақов.

Сонымен қатар, полиция бөлімшесінде бұл іс бойынша алынған айғақ заттардың тергеу ісіндегі материалдарға қосылғандығы айтылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты