Атырауда әйелдерді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген еркек ұсталды

Хабар 24
Олардың қатарында 15-16-дағы мектеп жасындағы қыздар да бар.

Атырауда қыз-келіншектерді бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Хабар 24.

Теріс діни ағымның жетегінде жүрген 24 жастағы азамат өзінен анағұрлым үлкен әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған қыздармен әлеуметтік желі арқылы танысып, сеніміне кіріп алғаннан кейін ойына келгенін істеген. Ол өз құрбандарының фото, бейне кадрларын қолына түсіріп алысымен, «туыстарыңа болмаса әлеуметтік желілерге саламын» деп қорқытып-үркіту арқылы дегеніне жетіп отырған.

Олардың қатарында 15-16-дағы мектеп жасындағы қыздар да бар. Қазір бұл дерек бойынша іс көтеріліп, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев