Алматыда жол ортасында тұрған әйелдің аяғын көлік жұлып кетті

zakon.kz
35 жас шамасындағы әйел дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды.

Кеше кешке Алматыда жантүршігерлік жол апатынан әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол көлік апаты Райымбек даңғылында Тұрғыт Озал көшесімен қиылысқан тұста болған. Mercedes жеңіл көлігі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан екен. Жолда әйел адамды қағып кетеді. Қатты соққының салдарынан әйелдің оң аяғын жұлып кеткен. Көлік 100 метр жүріп барып тоқтаған.

Зардап шегуші жедел жәрдем көлігі келгенге дейін жан тапсырды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды