Байқоңырдан ұшқан ғарыш кемесі апатқа ұшырады

ҚазАқпарат
«Союз МС-10» кемесінің бортында Роскосмос ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA ғарышкері Ник Хейг бар.

018 жылғы 11 қазан күні 14 сағат 40 минут 15 секундта Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан орбитаға басқарылатын көліктік «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бірақ старт берілген соң бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын» хабарлады.

«Союз МС-10» кемесінің бортында Роскосмос ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA ғарышкері Ник Хейг бар.

Ресей ғарыш саласы өкілдерінің айтуынша, экипаж аман, апаттық түрде шамамен Қазақстан аумағына қонады.

Қазғарыш қызметкерлерінің «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігіне мәлімдеуінше, Байқоңырда апаттық жағдай жөніндегі комиссияның отырысы өтіп жатыр. Оның қорытындылары кейінірек белгі болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады