Алматыда әкесі туған қызын экскаватормен басып кетті

rbauto.ru
Ер адам салмағы бірнеше тонна болатын көліктің маңында ойнап жүрген қызын көрмей қалған.

Алматы қаласының маңында экскаватор жүргізушісі көлік маңында ойнап жүрген 2 жасар қызын көрмей, оны басып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға Алматы қаласының маңындағы Көлсай шағын ауданындағы жекеменшік секторда болды.

Ер адам үйіне келіп, экскаваторын қақпаның жанына қояды. Араға біраз уақыт салып көлікке отырып, жұмысқа оралады. Осы сәтте ол көлік маңында ойнап жүрген жасы екіге де жетпеген қызын көрмей қалады.

2 жасар бөпе сол жерде ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенше өлді. Қазіргі сәтте оқиға болған жерде жедел тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Бала өліміне ата-анасының қаншалықты қатысы бар екені тергеу және сот кезінде анықталатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды