Жамбылдық полицейлер 67,5 марихуана және 143 грамм гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2019-жылы 18-ақпан күні "Есірткі" жедел- алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысы ПД ЕБҚКБ қызметкерлері Байзақ ауданында бұрын сотты болмаған Құмжота ауылының 48 жастағы тұрғынын ұстады, оның үйінен 67,5 келі марихуана және 143 грамм гашиш табылып, тәркіленді", - деп хабарлап отыр облыстық Полиция департаменті Баспасөз қызметі.
Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.