Якутсктегі (Саха Республикасы, Якутия) мектептердің біріндегі спорт залында дене шынықтыру мұғалімі 13 жастағы оқушы қызды зорлап келген, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Тергеу барысында анықталғандай, ұстаз 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап, 2018 жылдың мамыр айына дейін қыз балаға қатысты 29 қылмыстық әрекет жасаған. Зорлық әрекеттері зпорт залынан бөлек оның көлігі мен пәтерінде жасалған.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, мұғалім қыз баланы 15 рет еркінен тыс зорлаған және кәмелетке толмаған жасөспірімдге қатысты 14 рет сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттеріне ерік берген. Енді ол ҚК 132 ("Жасы 14-ке жетпеген, кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттерін жасау"), 131 ("Жасы 14-ке жетпеген, кәмелетке толмаған баланы зорлау") және ҚК 156 ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін атқармау") сияқты бірден үш бап бойынша айыпталып отыр.
Қыз баланың ата-анасы зорлық әрекеті туралы қыздарының мұғаліммен телефон арқылы алмасқан хаттарынан біліп қойған. Ол ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Орын алған жайттан соң зорлық жасаған мұғалім бірден жұмыстан қуылды. Ал жәбірлен оқушы қызға келтірілген физикалық және психологиялық зақымдарды мейлінше төмендету үшін оған оңалту шаралары тағайындалды.
Ардан безген ұстаз өз кінәсін мойындаудан бас тартқан, бірақ қажетті кешенді шаралардың көмегімен оның зорлық әрекеттерге қатысының барлығын дәлелдеу мүмкін болыпты. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі де тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Осы жылдың ақпан айында Санкт-Петербургтің 17 жастағы оқушысы топ болып зорлаудың құрбаны болған. Оқушы қыз сабақтан соң 27 жастағы ер адаммен танысқан. Жігіт оны ішімдікке мас қылып, сосын үйіне апарады. Оны топ болып зорлап, артынан аязды күні далаға лақтырып кеткен.