Алматыда жол апатынан бойжеткен мен 2016 жылғы сәби көз жұмды

pixabay
Соқтығысқан екі көліктің жүргізушілері ауруханада жатыр, жолаушылар оқиға орнында көз жұмды.

Алматыда жаңа Саин көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz Sputnik-ке сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Hyundai Accent Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Индустриялық аймаққа қарай бұрылмақ болады.

Дәл сол уақытта осы көше бойымен Toyota Land Cruiser Prado оңтүстік бағытта келе жатады. Жол талғамайтын авто Hyundai көлігіне бір-ақ соғылады да, қатты соққыдан жеңіл көлік бір шетке ұшып кетіп, арыққа түседі.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші әртүрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Hyundai жолаушылары – бойжеткен мен 2016 жылы туылған сәби жедел жәрдем келгенше қаза тапты.

Жол апаты орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді