Алматыда "Камри 70" жүргізушісінен қару мен мол ақша табылды

Алматы полиция департаменті
Жүк салғыштан "Байкал" травматикалық тапаншасы мен оқ-дәрілер қорабы, екі көлік нөмірі, 100 долларлық купюралар қаптамасы табылды.

Алматыда полицейлер күдік туғызған көліктен қару тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құқық қорғаушылар магистральді көшелердің бірінде ақ түсті "Тойота Камри 70" көлігін тоқтатқан.

"Тексеру кезінде жүргізушінің көлік жүргізуге рұқсат құжаты жоқ болып шықты. Ол қалада бөтен біреудің көлігімен жүрген. Инспекторлар көліктен жарық және дыбыс сигналдарын шығаратын құрал тауып алды. Ереже бұзған адам сабырсызданып қайта-қайта біреулерге телефон шалумен болды", - деді полицияның баспасөз қызметі.

Ал көліктің жүк салғышынан "Байкал" травматикалық тапаншасы мен оқ-дәрілер қорабы, екі көлік нөмірі, 100 долларлық купюралар қаптамасы табылды.

"Бұл заттардың кімге тиесілі екенін ол түсіндіре алмады. "Менікі емес" деп ақталды. Көліктің есептен шығарылғаны, алайда қайта тіркелмегені белгілі болды. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлімімен қару жарақты сақтау, ұстап жүру, сату бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көлік иесі машинасын біреуге рұқсатсыз бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік айып тұрағына қойылды", - деді полиция департаментінен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды