Атыраулық Арман есімді жүргізуші 40 тәулікке қамауға алынуы мүмкін

Pixabay
29 наурызға қараған түні Атырауда Арман есімді жүргізуші жоғары жылдамдықта келіп көкөніс павильонына кіріп кеткен болатын.

Көкөніс павильонына соғылған атыраулық жүргізушіге қатысты 40 тәулікке қамауға алу жазасы қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот алды тергеу ҚР ҚК 345-бабының 1 - "Көлік құралдарын басқарушы тұлғалардың көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану кезінде жол жүру ережелерін бұзу" бөліміне сәйкес жүргізіліп жатыр.

Аталған бапқа сәйкес 160 АЕК (404 мың теңге) көлемінде айыппұл, немесе осы көлемде түзеу жұмыстары, немесе 160 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе екі жылға дейін белгілі бір лауазымдық қызметтер атқару немесе белгілі бір қызметтермен айналысу құқықғынан айыра отырып 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

29 наурызға қараған түні Атырауда Арман есімді жүргізуші жоғары жылдамдықта келіп көкөніс павильонына кіріп кеткен болатын. Көлік салонында оның әйелі мен екі баласы болған, нәрестелердің бірі аурухана төсегіне таңылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі