Мемлекеттік шекарадан есірткі алып өтпек болған адам оны жұтып қойды

pixabay.com
Өкінішке орай есірткінің түрін анықтау мүмкін болған жоқ.

Түркістан облысында заң бұзушы жазадан құтылу мақсатында түйіншекк оралған есірткіні жұтып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш шекара отрядының "Қапланбек-авто" бөлімшесінде "Кольт" атты есірткі іздеуге арнайы үйретілген иттің көмегімен жолаушылар терминалындағы жүргіншілер арасынан Өзбекстанға қарай жаяу өтіп бара жатқан 36 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды.

Ит оның маңынан айналшықтап кетпей, екі аяғының ортасына (бұтына) қарай қайта-қайта ұмсына берді. Шекарашылар әлгі адамды тексеру бөлмесіне қарай апара берген кезде, ол жылдам қимылмен шалбарының ауынан түйіншек алып шығып, жұтып жіберді.

Ұсталған азамат аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі