Семейде 13 жасар бала сатушыны 50 теңге үшін пышақтап кетті

nk-online.ru
Тәртіп сақшылары күдіктінің балалар колониясына жатқызылмайтынын айтады.

Семейде 50 теңгеге ештеңе сатып ала алмаған 13 жастағы бала дүкен қызметкерін пышақтады, деп хабарлайды Zakon.kz Алтайньюс басылымына сілтеме жасап.

Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, жасөспірім сабақтан кейін дүкенге кіріп, 50 теңгеге не сатып алуға болатынын сұраған. Оған сатушының жауабы ұнамағандықтан пышаққа жармасып, сатушыға шабуылдапты. Жеткіншек оның бірнеше жеріне пышақ жарақатын салады, сосын кассадағы ақшаны қалтасына басып, із суытқан.

Ол арада екі сағат өткенде ұсталады.

Тәртіп сақшылары күдіктінің балалар колониясына жатқызылмайтынын айтады. Себебі 14 жасқа толмаған. Әзірге ештеңе мәлім емес. Тексеру жүргізілуде. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мән-жайды анықтау үстінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды