Алматыда жоғалған қыздың денесі каналдан табылды

Valet.ru
Анастасия Галеева ақпан айында жоғалып кеткен болатын.

Жоғалып кеткен Анастасия Галеева Алматы облысындағы каналдан табылды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне қыздың әкесі хабарлады.

- Бүгін таптық, Сарыбұлаққа баратын каналдан. Әпкем Алла Галеева оны таныды, қазір өзім Талғардың Ішкі істер бөліміне бара жатырмын, - деді Анастасияның әкесі Эдуард Галеев.

Анастасия Галеева ақпан айында жоғалып кеткен болатын. Анастасия 9 ақпанда Гете көшесіндегі үйден сағат 16:34-те шығып, "Жаңа Қуат" ықшамауданындағы құрбысына кеткен.

1 наурызда әлеуметтік желіде 22 жастағы қыз өлі күйі табылды деген ақпарат тарап, волонтерлер оны іздеуді тоқтатқан болатын.

Жоғалған қыздың жақындарының айтуынша, іске қыздың достарының қатысы бар болуы мүмкін. Өйткені олар қыздың 10 ақпанда таңғы 4-те өз өлімімен өлгенін мойындаған. Бірақ қорыққандарынан денесін жасырған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды