Алматыда Қызылордадан келген алаяқ әйел ұсталып қалды

www.r93.ru
Полиция дерегінше, оның көлік сатумен байланысты кемінде 30 алаяқтық эпизодқа қатысы бар.

Алматы полицейлері 28 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын ұстады. Ол Алматы мен Қызылорда облысының аумағында автокөлік сатумен байланысты кемінде 30 алаяқтық эпизодына қатысы бар деген күдікке іліккен, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті былай істеген: жұртқа өзін коллекторлық компанияның делдалы, залогта тұрған автокөліктердің ұстаушысы деп таныстырған. Оның құрығына арзан бағаға дені дұрыс автокөлік сатып алғысы келетін адамдар түскен.

– Ол өз ақшасына ескілеу шетелдік автокөлік сатып алып, оны өзгелерге тым арзан бағаға ұсынған. Сатып алушылармен сөйлесу кезінде өзін коллекторлық компаниялардың делдалы, залогтағы автокөліктер менің қолымда деп таныстырып, сеніп қалған адамдарға жағдайы одан да тәуірлеу автокөліктерді қымбатырақ бағаға ұсынады. Ол көліктердің ақшасын толық көлемде алдын ала алып алады. Содан кейін жоғалып кетіп, байланысқа шықпайды. Қазірге дейін тергеу оның осындай 20 эпизодқа қатысы бар екенін дәлелдеді, – деп хабарлады Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.

Бұл әйел бұрын да істі болған екен. Оның қылмыстық әрекетінен зардап шеккендер болса, полиция 254-48-01; 254-48-02; 254-48-03 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Фото Алматы ПД баспасөз қызметінен алынды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді