Мәслихат депутаты 200 мың доллар парамен ұсталып қалды

zakon.kz
Ол Талғар ауданындағы аумағы 12 га жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін бір азаматтан 200 мың доллар (76 млн теңге) пара алды деген күдікке ілінді.

Талғар аудандық мәслихатының депутаты 200 мың доллар (76 млн теңге) парамен ұсталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде Ұлттық бюроның тергеу департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Балғабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Алматы облысында Талғар аудандық мәслихатының депутаты – аталған ауданның жер комиссиясының мүшесінің пара алғаны анықталды. Ол Талғар ауданындағы Панфилов ауылдық округіндегі аумағы 12 га жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін бір азаматтан 200 мың доллар (76 млн теңге) пара алды деген күдікке ілінді, – деді Балғабеков.

Күдікті қамауға алынды, Тергеу жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты