"Алматылық жезөкшелерге қатысты қазіргі хайп бір қарағанда күлкілі көрінеді", деп желіде әңгіме бастаған журналист Асқар Жалдинов кезінде Алматыда болған бір оқиғаны баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
– 90-шы жылдардың аяғы, 2000-шы жылдардың басында Алматыда көше бойында тұратын жезөкшелер жоғалып кетті. Суворов пен Борман дегендер бастаған 15 маньяк топтасып, бірнеше жыл бойы жезөкшелердің көзін құртумен айналысты. Қылмыстық топ құрамында рецидивист-нашақорлар, жезөкшелер болған. Олар Сейфуллин көшесіндегі жезөкшелерді алдап алып шығып, қала сыртында анайы түрде зорлап, сосын садистік әдістермен өлтірген. Қалтасындағы ақшасы мен бар заттарын банда мүшелері өзара бөліскен. Жезөкшелерді зорлаушы-еркектер шетінен импотент болған. Кейін, тергеу барысында олар өз қылмысының мотивін қоғамды тазалау үшін деп түсіндірді. Топтың барлық мүшелері ұсталып, олардың 35 әйелді өлтіргені дәлелденген болатын, – дейді ол.
Іс бойынша екі тергеу тобы жұмыс істеген екен.
– Айтпақшы, іс бойынша бір-бірімен байланысы жоқ екі тергеу тобы жұмыс істеген. Оның бірін қазіргі су жаңа генерал Алик Шпекбаев, екіншісін – қазіргі ІІМ вице-министрі Махамбет Әбісатов басқарған. Соңғысы өткенде ғана желіде қол астындағыларды боқтауымен атын шығарды. Айта кетсек, екеуі де аңыз тергеушілер. Өз заманында мықты оперлер болған, – деп аяқтайды әңгімесін Асқар Жалдинов.