Зертханадағы сұмдық: тоңазытқыштан еркектің "саймандары" сау етіп төгілді

CHEM-MIND.com
New York Post 2015 жылы осы ғылыми орталықтың иесі Стефан Гордтың адам ағзасын сатты, тыйым салынған донорларды басқа мақсатқа қолданды деген айыппен сотталғанын еске салды.

АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы Аризонадағы биологиялық ресурстар орталығында тінту жүргізіп, жантүршігерлік жайттарды анықтады. Мысалы, еркектің денесіне әйелдің басы тігіліп қойған, ал тоңазытқышта еркектің жыныс мүшесі толып тұрған, деп хабарлады New York Post-қа сілтеме жасап, РИА Новости.

Тінту кезінде бір шелек аяқ, бір шелек қол, бір бөшке адам басы табылған. Одан бөлек еркектің денесіне әйелдің басы тігілген. Оны қабырғаға ілініп тұрған жерінен тапқан. Ал тоңазытқышты ашқанда ішінен еркектің жыныс мүшелері сау етіп төгілген. Бөлшектелген барлық адам ағзасында индентификациялық сандары бар жапсырма болған. Сол нөмір арқылы олар саудаға қойылған.

Иә, ең масқарасы, ғылыми мақсатта зерттеледі деп алынған адам денелері осылай бөлшектеліп, саудаға қойылған болып шықты. Федеральдық тергеу бюросының бұл істі қолға алуына өзінің жақындарының мүрдесін ғылыми мақсатқа пайдалануға рұқсат берген 33 адамнан арыз келіп түсуі себеп болған. Олар бұл орталықтың адам ағзасы саудасымен айналысатынын Интернеттен біліп қалыпты.

Бұл іс 21 қазанда Марикопа округінің Жоғарғы сотында қаралатын болады.

New York Post 2015 жылы осы ғылыми орталықтың иесі Стефан Гордтың адам ағзасын сатты, тыйым салынған донорларды басқа мақсатқа қолданды деген айыппен сотталғанын еске салады. Ол кезде ол бір жылға бас бостандығынан айырылып, 4 жыл шартты мерзім кесілген еді. Оған қоса 121 мың доллар айыппұл салынған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды