Ресейде аралар жаппай қырылып жатыр

agronews.ua
Ресей Омарташыларының ұлттық қауымдастығы аралардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 3 триллион рубль деп отыр.

Ресейдің 30-дан астам аймағында аралардың жаппай қырылу дерегі тіркеліп, омарташылар дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".

Төтенше жағдайдан бал шаруашылығымен бірге көптеген өсімдік пен дәнді-дақыл тозаңданбай, экологиялық апат туындауы мүмкін. Әзірге ел аумағы бойынша қанша ара өлгені беймәлім. Мәліметтер әртүрлі. Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігі шығын аса көп емес – 3 проценттей ғана десе, осы саладағы кәсіби одақтың бірі оның көлемі 20 процент екенін айтады.

Ал Ресей Омарташыларының ұлттық қауымдастығы аралардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 3 триллион рубль деп отыр.

- Аралардың жаппай қырылуы фермерлердің жерлерді өңдеу кезінде химиялық тыңайтқыштарды қадағалаусыз қолдануынан болған деп ойлаймын. Олар омарташыларды алдын ала ескертпейді. Кей шаруалар да өз қожалықтарын тіркемейтіндіктен, оларды құлағдар етіп отыру қиын. Меніңше, аралардың қырылуының басты себептері осы, - дейді омарта шаруашылығының қожайыны Михаил Третьяков.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты