Қырғыздың ҰҚК басшысы: жаппай қырып тастауға бұйрық бермегеніме өкінемін

Сондай-ақ ол таңертең Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Сооронбай Жээнбековке отставкаға кеткісі келетінін айтқан екен. Өйткені бұл оқиғада МҰҚК басшысы өзінің кінәсі де бар деп есептейді.

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы Қой-Ташта жаппай қыруға бұйрық бермегеніне өкінеді, деп жазады 24.kg.

Арнайы операция кезінде қаза тапқан офицер елдің оңтүстігінде террористерді ұстау бойынша арнайы операцияларға қатысқан. Бұл туралы Парламент отырысында Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Үсенбек Ниязбековтің Лейтенант деген лақап аты болған. Ол 2006 жылы арнайы жасақтың аға офицері болған, сол кезде ол гранатамен содырлардың көзін жойып, лаңкестік әрекетті болдырмаған.

"Ол 2009 жылы Өзгендегі содырлармен қақтығыста бірінші болып ішке еніп, барлық істі тындырған. Үсенбек Ниязбеков және басқалар да қаншама арнайы операцияларға қатысты. Осы уақыт ішінде бір адам ғана жеңіл жарақат алды. Бірақ ол кезде біз оқ-дәрісі бар, қару асынған террористерге қарсы тұрдық. Бұл жерде ешкім Алмазбек Атамбаев қарусыз жігіттерге оқ ата бастайды деп күтпеген. Сол кезде жаппай қыруға бұйрық бермегеніме өкінемін", - деді Орозбек Опумбаев.

Сондай-ақ ол таңертең Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Сооронбай Жээнбековке отставкаға кеткісі келетінін айтқан екен. Өйткені бұл оқиғада МҰҚК басшысы өзінің кінәсі де бар деп есептейді.

Кеше түнде МҰҚК арнайы күштері Қой-Таш ауылында елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстауға тырысты. Алайда, шабуыл сәтсіз болды. Атамбаевтың жақтастары арнайы күштерді бұрынғы мемлекет басшысының үйіне кіргізбеді. Екінші ұстау әрекеті кезінде тәртіпсіздіктер басталды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер бар. Кемінде 50 адам Бішкек пен Шу облысындағы ауруханаларға жеткізілді. Альфа командирінің орынбасары мылтықтан жарақат алды. Ол ауруханада қайтыс болды. Шу облысы Орталық ішкі істер басқармасы бастығының басына да оқ тиді. Ол комада жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: