Алматыда "Мерс" мінген мастың кесірінен бір отбасы өртеніп кете жаздады

zakon.kz
Ол газ құбырына соғылып, өрт басталды.

Өткен түнде Алматыда мас жүргізушінің кесірінен бір отбасы тірідей өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеті түнде Асқаров көшесімен желдей ескен Mercedes жүргізушісі бордюрден секіріп, газ құбырларына соғылып бірақ тоқтаған. Құбыр жарылып, сол жердегі жекеменшік үй өртенді.

видео: zhest_kz

Mercedes-тің ішінде удай мас күйдегі үш еркек отырған. Құбырға соғылардан бірнеше минут бұрын біреулермен төбелесіп, содан қашқан түрі болса керек.

Оқиға орнына полиция тез жетіп, үшеуін де ұстап алды.

Кейін белгілі болғандай, патруль қызметкерлері өрттен баланы құтқарған екен.

- Mercedes автокөлігінің газ құбырына соғылғаны туралы хабар түсе салысымен "Буран - 139" және "Буран - 143" нарядтары оқиға орына жетті. Алдымыздан шыққан әйел өртеніп жатқан үйдің ішінде бір отбасы тұратынын айтты. Жанымдағы қызметтесім,полиция сержанты Алмас Әсет екеуміз үйге кіріп, 11 жастағы қыз бала мен екі ер адамды алып шықтық, - деді патруль полициясы полкінің аға сержанты Бауыржан Жексембиев.

Әсет Алмас

Бауыржан Жексембиев

Полиция Mercedes рөлінде мас жүргізуші болғанын растады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды