Алматыда банк алдында "ақша шешкіш" екі жігіт ұсталды

Инстаграм
Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы Экономикалық тергеулер департаменті көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.

Алматы қаласындағы Экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері банк маңында екі жігітті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдында әлеуметтік желіде Назарбаев-Мақатаев көшелерінің қиылысында орналасқан банк алдында екі ер адамның қолы қайырылып, жерге жатқызылып қойған суреттері тараған болатын.

Zakon.kz анықтағандай, биыл 22 тамызда Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері шұғыл операция өткізіп, компанияның шоттарынан ақшаны "шешіп алатындарды", банктен шығып келе жатқан жерінен ұстаған.

Бұл операция іс жүзінде жұмыс жасамайтын, бірақ қызмет көрсетіп, тауарлар жеткізіп, істелмеген жұмысты істеді деп бірқатар компаниялар атынан шот-фактуралар толтыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу негізінде жүзеге асырылған. Қазір осы іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпараттар жария етілмеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Назарбаева/Макатаева возле банка идёт задержание...

Публикация от ???????? Kazakhstan | Казахстан (@kris_p_kz)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

"Референдум – 2026": Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта өтеді