Қыз алып қашқан Түркістан облысының жігіттері 7 жылға сотталды

24.kz
Қазақта ата-бабадан қалған әдемі дәстүр бар, бірақ оны қазіргі жастар дұрыс түсінбейді.

Қордай аудандық сотының үкімімен Түркістан облысының төрт тұрғыны қыз ұрлады деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың автокөлігі қылмыс құралы ретінде тәркіленіп, мемлекет меншігіне өтіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың күзінде бір жігіт Жамбыл облысының Қордай ауылында тұратын қызбен танысады. Әлеуметтік желілер арқылы аз уақыт араласқаннан кейін жігіт қызды алып қашуды ұйғарған. Қызға үйлену мақсатында жігіт өзінің үш танысымен келісіп, автокөлікпен Қордай ауданына келген. Келген бойда қыздың ұялы телефонына қоңырау соғып, кездесуге шақырғанда, қыз кездесдуен бас тартыпты.

Сосын жігіттер қыздың үйін аңдып, оны көшеде келе жатқан жерінен күтіп алды. Қыздың бас тартуы мен қарсылығына қарамастан, олар оны күштеп көлікке отырғызып, Түркістан облысына бет алған. Алайда, оларды қаладан шыға берісте полиция тоқтатып, ұстап алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді