Ақмола облысында 400-ден астам мұғалімге үстемақы төленбеген

matritca.kz
Бір Жарқайың ауданында 180 ауыл мұғалімі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін үстемақы алмаған. Аудан педагогтары алдындағы берешектің жалпы сомасы 11 млн теңгеден асқан.

Ақмола облысы прокуратурасы бірқатар аудандарда ауыл мұғалімдерінің мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін қосымша ақы алмай келгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Үкімет қаулысы бойынша, базалық қызметтік жалақыға 40%-дан 50%-ға дейін қосымша жалақы төленуі тиіс. Алайда, Жарқайың ауданында 180 ауыл мұғалімі мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін үстемақы алмаған. Аудан педагогтары алдындағы берешектің жалпы сомасы 11 млн теңгеден асқан.

"Аудан прокуратурасының актісі бойынша берешек толық көлемде төленді", - дейді облыстық прокуратура.

Айта кету керек, прокурорлар осындай жұмыстарды Ақмола облысының басқа аймақтарында да жүргізді. Степногор қаласында екі жыл ішінде 120 педагогке 9 млн теңгеден астам жалақы төленбеген. Аршалы және Егіндікөл аудандарында 100-ден астам мұғалім 2 млн теңгеге жуық қосымша жалақыны алмаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты