№ЕС-164/6 түзету мекемесінде (Алматы облысы, Заречный қаласындағы ашық мекеме) жазасын өтеп жатқан Валерий Цой Инстаграмдағы парақшасында тәртіптік тергеу изоляторындағы адам көргісіз жағдайға және өзін түрме қызметкерлері үнемі ұрып-соғатынына шағымданған видео жариялады, деп хабарлайды Zakon. кz.
Видеода сотталушы Цой аяғы мен арқасында көгеріп, қатты ісіп кеткен жерлерін көрсетеді. Ол өзін қасындағы сотталушы смарт-сағат үшін аяусыз тепкіге жыққанын айтады, ал тағы бір видеода өзін тергеу изоляторы бастығының бұйрығымен ұрғанын айтады. Сондай-ақ, ер адам бұл арада ақша мен ұялы телефон ұстауға тыйым салынғанын, бірақ түрме басшылығы ақшасын төлесе оған мүмкіндік беретінін жеткізді.
Видеода сотталушы тергеу изоляторының ішін көрсетіп, бұл ара адамды ауру жасайтынын айтады, сөйтіп еденде жатқан кірпіштерді көрсетеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ҚР ІІМ ҚАЖК осы видеоға қатысты біздің ресми сауалымызға жауап берді.
ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков видеода көрсетілген тергеу изоляторында күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын, оның жақын уақытта аяқталатынын жеткізді.
- Сотталушының денесіндегі жарақаттарға байланысты ішкі тергеу басталды. Ол емделу үшін ауруханаға ауыстырылмайды. Бұл факті бірыңғай тіркеу кітапшасына енгізілді. Алдын ала деректер бойынша, сотталушы қатаң тәртіптегі түрмеге ауыспас үшін қасындағы сотталушылардың көмегімен өзіне дене жарақаттарын келтірген. Сотталушы Цой тәртіпке бағынбайтын, қандай да бір жауапкершіліктен немесе жазадан сытылу үшін өз-өзіне жарақат келтіруге бейім адам, - деді Жәнібеков.