Талдықорғанда сауна алдында жас қыз біреудің "Лексусын" теуіп кетті

obyektiv.press
Күдікке ілінген бойжеткен көлік иесінің танысы болып шықты.

Облыс орталығының полицейлері "Лексус RХ-300" автокөлігін ұрлады деген күдікке ілінген 15 жастағы қызды ұстады. Оның аймақтағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 6 қазанда тіркелген. Талдықорған қаласы полициясының "102" арнасына жергілікті сауналардың бірінің аумағынан джип ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Көшелерде орналастырылған бейнебақылау камералары арқылы тәртіп сақшылары ұрланған көліктің бағытын анықтап, қаладан шығу жолдарына тосқауыл қойды.

"Автокөлік облыс орталығынан Үштөбе қаласына қарай бет алған. Күдікті құрбысымен бірге көлікті тастап, такси ұстап із суытуға тырысты. Күдікке ілінген бойжеткен көлік иесінің танысы болып шықты. Күдікті қалалық полицияға жеткізілді және 15 жастағы бойжеткеннің Үштөбе колледжінің бірінде оқитыны анықталды. Ұрланған автокөлік бірден заңды иесіне қайтарылды", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Автокөлікті заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Құқық бұзушылыққа қатысы бар жағдайлар тексеру барысында анықталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді