Ақтөбе облысында үш ер адам зорланған

Pixabay
Үш ер адамның екеуі - 20 жастан 30 жасқа дейінгі, ал біреуінің жасы - 40-50 аралығында.

Ақтөбе облысының құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасы зорлық-зомбылыққа ұшырағандар туралы статистиканы жариялады. Зорланғандар статистикасы арасында үш ер адам да бар, деп хабарлайды Zakon.kz "Ақтөбе Таймс" басылымына сілтеме жасап.

6 қазанда астынан қан кетіп, облыстық балалар клиникалық ауруханасына 15 жастағы қыз түскен. Жасөспірім қызды Заречный-2 ауылында 24 жастағы ер адам жүк көлігіне кіргізіп алып зорлаған болып шықты.

Зорлық-зомбылыққа үлкендер де, ер адамдар да ұшырайды. Мәселен, жыл басынан бері Ақтөбе облысында 18 жастан асқан 48 әйел, тіпті үш ер адам зорланған. Үш ер адамның екеуі - 20 жастан 30 жасқа дейінгі, ал біреуінің жасы - 40-50 аралығында.

Жыл басынан бері осы факті бойынша қолға алынған 48 істің тек үшеуі ғана "Зорлау" бабы бойынша сотқа жолданды. Тек бір қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Онда да оған 3 жыл 6 ай шартты түрде жаза кесілді. Қалған екі іс бойынша тараптар сотта татуласып, қылмыстық қудалау тоқтатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары Дубайдағы жарыстың бірінші күнінде жаппай топ жарды

ЖТС мөлшерлемелері, мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер: жаңа Салық кодексінде не қарастырылған

Қазан айында Алматыда электр қуатының бағасы өсуі мүмкін

Синоптиктер еліміз бойынша 8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Алматыда ашық аспан астында әскери техникалар музейі ашылды - фоторепортаж