Қарағандыда мас жүргізуші полиция көлігін оңдырмай соқты

instagram.com
Ол кезде полиция қызметкерлері кезекшілігін атқарып, қала көшелерін аралап жүрген.

Қарағандыда Кривогуз көшесінде мас жүргізушінің кесірінен жол апаты болды. Lada көлігінің жүргізушісі полицияның арнайы көлігіне қатты жылдамдықпен келіп соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желідегі patriotkaragandy парақшасындағы дерекке сүйенсек, Lada ІІМ-нің арнайы көлігіне соғылған кезде полиция қызметкерлері кезекшілігін атқарып, қала көшелерін аралап жүрген.

- Алдын ала ақпарат бойынша, жүргізуші мен оның қасындағы жолаушы мас болған. Соқтығысқан кезде олар түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. 27 жастағы Lada жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, полиция патрульдік көлігіне соқтысқан, деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Енді кінәлі адам өз ақшасына бүлдірген ІІМ-нің арнайы көлігін қалпына келтіруге мәжбүр болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жылусыз, сусыз бірақ алтынға бай: әлемдегі ең биік қалаға адамдар неге ағылып жатыр

ІІМ электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмір үлгілерін бекітті

Давид Лория әкесіне іздеу жарияланғаннан кейін мәлімдеме жасады

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған