Қызылжардағы студенттер төбелесінің ректордың жұмысынан кетуіне қатысы жоқ

Ашық дерекөздерден алынды
Жергілікті құқық қорғау органдары оқиғаны тергеп жатыр. Төбелеске белсенді қатысқан 4 студент анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы студенттер төбелесі мен ректордың жұмыстан кетуі арасында байланыс жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, 20 қазан күні М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері – 40-тан астам адам Есіл өзенінің жағасындағы "Восточный берег" дәмханасының маңына жиналып, жанжалдасып, соңы төбелеске ұласты . Ал 21 қазанда университет ректоры Серік Өмірбаев қызметінен кетті.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қазан күні болған оқиға мен университеттің бірінші жетекшісі – С.М.Өмірбаевтың жұмыстан кетуінің өзара байланысы жоқ.

"Университет ректорының жұмыстан шығу туралы өтініші 2019 жылдың 9 қазанында тіркелді. 2019 жылдың 21 қазанында ҚР Білім және ғылым министрі С.М.Өмірбаевтың жұмыстан кету туралы бұйрығына қол қойды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Жоғары оқу орнынан хабарлағандай, жергілікті құқық қорғау органдары оқиғаны тергеп жатыр. Төбелеске белсенді қатысқан 4 студент анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы