Шымкенттегі атыс: бір адам көз жұмып, бес адам жараланды

pixabay.com
Күдіктілердің кім екені анықталды, оларды ұстау шарасы қолға алынды.

29 қазанда Шымкент қалалық полиция департаментінің 102 шұғыл байланысына белгісіз біреулер Арғынбеков көшесіндегі кафеге кіріп, бірнеше рет оқ атқаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта оқыс оқиға орнында бір адам қайтыс болып, түрлі дәрежедегі жарақат алған 5 адам ауруханаға жатқызылғаны мәлім.

Оқиға орнын тексеру кезінде қылмыс қаруы табылып, тәркіленді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2 тармағы, 1-бөлімі және 287-бабы, 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.

- Күдіктілердің кім екені анықталды, оларды ұстау шарасы қолға алынды. Прокуратура мен полиция бөлімінің басшылығы тергеу барысын ерекше бақылауда ұстайды. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жария етілуге ​​жатпайды, - дейді Шымкент ДП-нің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, алдында бейреми хабарламада Шымкенттегі кафенің біріндегі атыс кезінде екі адам көз жұмып, төртеуі жарақаттанғаны айтылып еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты