Пәтер иесі сыртқа өздігінен шыға алмай, көршілері төтеншеліктерді шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Нұрсұлу деген келіншек 78 жастағы әжейдің өлі денесі шыққан көпқабатты үйде тұрады.
"Ол бұрыннан осы пәтерде тұрады. Шамамен 5 жыл бұрын оның жұбайы қайтыс болды, ал қызы Мәскеуде тұрады. Жалғыз өзі қалған, кәрі кісі ғой, көршілері көмектесіп тұратын. Мен әрдайым балконға шыққанда ол кісінің үйіне қарап қоямын, жарық жанып тұрса, демек бәрі жақсы. Енді, міне, бір апта болды, жарық жанбады, есігінің саңылауына қалдырған қағаз түбіртектер де алынбаған. Оның бір танысы болған, кезінде бірге жұмыс істеген. Ол да соңғы кездері көрінбей кетті. Көршілер дегбірсіздене бастады. Полицияға арыз жазып, құтқарушыларды шақырдық, қызына хабар бердік. Есіктер аштық, сөйтсек әжейдің құрбысы көз жұмған екен", - дейді Нұрсұлу.
Құтқарушылар есікті ашқан сәтте әжей үйде болған. Ол өздігінен есікті аша алмаған.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Х.Чурин көшесіндегі 162 үйдің есік жабылып, ашылмай жатқандығы туралы хабар 30 қазанда сағат 11.24-те түскен.
БҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған.
"Өлімнің нақты себебі арнайы сараптамадан соң белгілі болады. Көз жұмған әйел пәтерде шамамен 3-4 күн жатып қалған. Үй иесінің есі кіресілі-шығасылы, ол облыстық психикалық денсаулық орталығына орналастырылды", деп түсіндірді БҚО полиция басқармасындағылар.