Алматыда бір әйел жалғызбасты аналарды алдап соққан

Zakon.kz
Алматы облысы Қарасай ауданының 47 жастағы тұрғыны алаяқтыққа қатысты сотқа дейінгі тергеуге тартылып, полиция істі анықтап жатыр.

Алматыда жалғызбасты аналарды бір әйел айналдырып, сан соқтырған, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы Қарасай ауданының 47 жастағы тұрғыны алаяқтыққа қатысты сотқа дейінгі тергеуге тартылып, полиция істі анықтап жатыр.

"Күдікті өзінің тәтесі арқылы баспанаға зәру сенгіш азаматтарды айналдырған. Оларға ол банк «балансында тұрған проблемалы пәтерлерді арзанға сатып алып бере аламын» деп алдап, келіскен ақшаның бір бөлігін алған соң ізін суытып отырған. Ал жалғызбасты аналарға тиесілі пәтерді алып бере аламын деп, бөтеннің 750 мың теңгесін иемденіп алған. Шындығында, О есімді әйелдің қаладағы тұрғын үй мәселелерін шешуге ешқандай да қатысы жоқ. Ондай лауазымды адам емес. Қазіргі уақытта оған қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - дейді Әуезов полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жасұлан Тұрыспаев.

Полиция мына суреттен күдіктіні танып немесе одан алданып, жалпы ол туралы мәлімет білетін адамдар болса, мына телефонға хабарласуды сұрайды: 8-701-718-70-69 және 298-53-70.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті