Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің бастығы Сәдуақас Байғабылов елорданың дүкен сөрелерінен лимонад өнімдері неге алынып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сатылатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау тұрғысында Нұр-Сұлтан қаласының дүкендеріндегі азық-түлік тауарлары сараптамаға алынып тұрады. Сондай тексеру "Грузин сыра компаниясы" АҚ шығарған ARAGVI лимонады, тархун мен саперави құрамындағы натрий бензоаты гигиеналық нормадан асатын көрсеткішті көрсетті. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша натрий бензоатының мөлшері 152, 68 мг/кг-дан 163,53 мг /кг дейін көрсетті, ал оның шекті нормасы - 150 мг/кг.
Сәдуақас Байғабылов натрий бензоаты (E211) сақтау және сақтау мерзімін ұлғайту мақсатында тағамдарға қосылатын қоспа болып табылатындығын, соның ішінде тәтті газдалған сусындарды өндіруде қолданылатын консерванттар тобына жататынын айтты.
- Натрий бензоаты аскорбин қышқылымен әрекеттескенде канцерогендік бензолды түзетінін білу керек. Ол адам ағзасындағы ДНҚ құрылымын бүлдіріп, бауырды цирроз бен қатерлі ісік ауруына шалдықыртуы мүмкін, жүйке жүйесінің жұмысын да бұзады және тағы басқа салдарлары болатынын білу керек. Ал қышыма немесе астмасы бар адамдардың E211 консерванты аллергиясын қоздыртып, оны өршітіп жібере алады, - дейді ол.
Қазіргі уақытта Департамент мамандары заң аясында дүкен сөрелерін тексеруді ұйымдастырып, анықталған қауіпті өнімдерді алып тастап жатыр, сондай-ақ бұл үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.
"Департамент тексеру нәтижелері мен қолданылған шаралар туралы астаналықтарды алда тағы хабардар етеді", - деп сөзін түйіндеді ол.
Егер бұл өнімдерді елордалықтар дүкен сөрелерінен көріп қалып жатса, онда департаменттің мына телефон нөміріне хабарласу сұралады: 31-61-81.