Қазақстанда беткеұстар этнос өкілдерінің бірегей мәліметтер базасы жасалды

Әзірге оған қазақ елінің дамуына үлес қосқан 50 тұлға кірді.

Қазақстанда бетке ұстар этнос өкілдерінің бірегей мәліметтер базасы жасалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Әзірге оған қазақ елінің дамуына үлес қосқан 50 тұлға кірді. Олардың қатарында 2 мыңнан артық қазақ әнін жазып қалдырған Александр Затаевичтен бастап, мәдениет және қоғам қайраткерлері Герольд Бельгер, Нина Патрушева, спорт майталмандары Анатолий Храпатый, Денис Тен сияқты қазақстандықтар бар.

Жалпы зерттеу жұмысы кезінде ғалымдар 600-ге тарта тұлға жайында дерек жиналған. Жоба "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Осы тақырыпқа арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушылардың айтуынша, мұндай іс шаралар ел бірлігін нығайтуда ерекше маңызға ие.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

– Іс шараның осы тақырыпқа арналуы кездейсоқ емес. Өздеріңізге белгілі, сын сағаттарда қазақ жерін паналап келген көптеген ұлт өкілдері біздің халқымыздың қамқорлығы мен мейірбандығына бөленді. Өз кезегінде олар да еліміздің әлеуметтік , мәдени экономикалық дамуына үлес қосты. Әлі де қоса береді сенемін.

Кемелбек Ойшыбаев, "Рухани жаңғыру" қазақстандық даму институты" КЕАҚ басқарма төрағасы:

– Бұл жұмыс "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүріп жатқан соң "Рух.кз" сайтында болады. Екінші "Қоғамдық даму институтын" құрдық. 50 тұлға сол институттың сайтында да болады. Оған қоса деректі фильмдер, роликтер түсіріледі. Оған қоса кітап шығардық.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: