Алматы облысында удай мас ер адам көршісінің екі сиырын атып тастады

unian.net
Полиция еш жерде тіркелмеген атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін де күдіктінің жауапқа тартылатынын айтты.

Удай мас 53 жастағы ер адам көршісінің екі сиырын атып өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 13 қарашаға қараған түні Кербұлақ ауданы Шоқан ауылында тіркелген. Екі ауыл тұрғыны өздеріне тиесілі екі сиырды көршісі атып өлтіргенін айтып, соған қатысты шара қолдануды сұрап, полиция көмегіне жүгінді. Зардап шеккендерге келтірілген материалдық шығын 600 мың теңгеге бағаланды.

- Малды атып өлтіру фактісі расталды. 1966 жылғы ер адам мас күйінде "өз ауласына кіріп кетті" деген желеумен ИЖ-18 аңшы мылтығымен көршінің екі сиырын атып өлтірген. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы, яғни "Жануарларға қатыгездік жасау" бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Полиция еш жерде тіркелмеген атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін де күдіктінің жауапқа тартылатынын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді